Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды • Әлемге танымал қазақ физигі Манат Мәуленбайұлы АҚШ-та қайтыс болды • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды • Әлемге танымал қазақ физигі Манат Мәуленбайұлы АҚШ-та қайтыс болды • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті •

    Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды

    Фото: instagram.com/zhaslanmadiyev

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев ресей-американ кәсіпкері Алекс Машрабовтың Қазақстан азаматы атанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Мәдиевтің айтуынша, Алекс Машрабов Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы. Ал Higgsfield деген стартап — генеративті жасанды интеллект (AI) негізінде визуалды контентті (бейнелер мен суреттерді) жасауға және өңдеуге арналған халықаралық технологиялық компания. Стартап Қазақстан тарихындағы алғашқы «единорог» (Unicorn), яғни нарықтық бағасы 1 миллиард доллардан асқан алғашқы стартап.  Оның негізін рсы Алекс Машрабов пен қазақстандық Ерзат Дулат жасаған. Компанияның бас кеңсесі АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында орналасқан.

    Бүгін Жасұлан Мәдиев Ресей азаматы болған Алекс Машрабовқа Қазақстанның көк паспортын табыстады.

    «Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабовқа Қазақстан азаматының төлқұжатын қуана табыстадым. Биылғы 30 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Осы маңызды оқиғамен құттықтаймын», — дейді Мәдиев.

    Жалпы, Мәдиевтің айтуынша, президент жасанды интеллектіні дамытуға және таланттарды қолдауға ерекше мән берген. Сөз соңында ол Алекске алғыс айтқан.

    «Алекс, Қазақстанға сенім білдіріп, еліміздің азаматы болуды таңдағаныңыз үшін рақмет. Бірлесе таланттарды қолдап, жаңа өнімдер жасап, Қазақстанның технологиялық әлеуетін нығайтамыз деп сенемін», — деп жазған Мәдиев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →