Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр: финалға 19 спортшы шықты • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр: финалға 19 спортшы шықты •

    Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар

    Абдукодир Хусанов «Манчестер Сити» — «РБ Лейпциг» матчында 7,0 балл алды. Flashscore бағалары: Андерсон 8,6, Холанд 8,4, Доннарумма 6,0, Фоден 5,7.

    Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар

    Сурет: sports.kz

    Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов Англияның «Манчестер Сити» клубы сапында Германияның «РБ Лейпциг» командасына қарсы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің төртінші турында өткен ойындағы бағасын білді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Flashscore статистикалық порталы өзбекстандық футболшыға 7,0 балл қойды. Хусанов негізгі құрамда шығып, бүкіл матчты өткізді. 94-ші минутта қорғаушы сары қағаз алды. «Манчестер Сити» сырт алаңда 3:2 есебімен жеңіске жетті, ал жеңіс голын 78-ші минутта Эрлинг Холанд Эллиот Андерсонның пасымен соқты.

    Андерсон қонақтар сапындағы ең жоғары бағаны алды — 8,6 балл. Холандқа 8,4, Илиман Ндиайе мен Энцо Фернандеске 7,8-ден, Матеуш Нунешке 7,3 қойылды. Қақпашы Джанлуиджи Доннарумма 6,0 балл алды. Фил Фоден ағылшын клубының ең нашар ойыншысы атанды, оның бағасы 5,7.

    Төрт турдан кейін «Манчестер Сити» тоғыз ұпай жинады. Бесінші турда Хусановтың командасы Италияның «Наполи» клубын қабылдайды — ойын Астана уақытымен 25 қарашаға қараған түнде сағат 01:00-де басталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →