Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр: финалға 19 спортшы шықты

    Таразда бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында финалға 19 спортшы шықты, тағы 18 боксшы қола медальға қол жеткізді.

    Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр: финалға 19 спортшы шықты

    Сурет: inbusiness.kz

    Таразда бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыс қорытындысы бойынша финалдық жолдаманы 19 спортшы жеңіп алды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Олардың қатарында Айгерім Саттыбаева (48 кг), Гүлназ Борибаева (48 кг), Анита Адишева (51 кг), Жансая Рахымберді (51 кг), Назым Қызайбай (54 кг), Элина Базарова (54 кг), Шахназ Исаева (57 кг), Виктория Графеева (60 кг), Анар Тұрсынбек (60 кг), Аида Абикеева (65 кг), Лаура Есенгелді (65 кг), Бақыт Сейдіш (70 кг), Аружан Жанабаева (70 кг), Шұғыла Налибай (75 кг), Надежда Рябец (80 кг), Айдана Убайдуллақызы (80 кг), Елдана Тәліпова (80 кг-нан жоғары) және Дина Исламбекова (80 кг-нан жоғары) бар.

    Ал Айым Танкибаева (48 кг), Анель Құдайберген (48 кг), Елянур Тұрғанова (51 кг), Томирис Мырзақұл (51 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Сымбат Әлиасқар (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Аяжан Ермек (60 кг), Назерке Серік (65 кг), Ақнар Ишанова (65 кг), Анастасия Баязитова (70 кг), Дана Дидай (70 кг), Жібек Жарасқызы (75 кг), Гүлсая Ержан (80 кг), Құралай Егінбайқызы (80 кг), Валерия Аксенова (80 кг-нан жоғары) және Асель Тоқтасын (80 кг-нан жоғары) өз өнерлерін қола медальмен аяқтады.

    Айта кетейік, бейсенбі, 5 қараша күні ерлер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →