Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды • 72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды • 72 сағаттық азық-түлік қоры: Қазақстан мен әлем неге дайындалып жатыр • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты •

    Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы

    Қасым-Жомарт Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдап, технологиялық экожүйеге қосқан үлесін жоғары бағалады және ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін білдірді.

    Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы

    Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Network School-дың Қазақстанның технологиялық экожүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президенттің айтуынша, еліміз технологиялық көшбасшылардың жаңа буынын даярлау үшін білім, ғылым және цифрлық құзыреттерге белсенді инвестиция салып отыр. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушыға Жолдауда жариялаған «Халық құрылысы» бастамасы болашақ ұрпаққа маңызды әрі шынайы салмақты мұра қалдыруға мүмкіндік беретінін айтты.

    Бағдарлама аясында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде мектептер, университеттер мен медициналық мекемелерді жаппай салу жоспарланып отыр.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Network School Kazakhstan-тың іске қосылуын және компанияның қазақстандық университеттермен, стартаптармен және технологиялық кәсіпорындармен серіктестікті кеңейтуге мүдделілігін құптады. Сонымен қатар Президент Баладжи Шринивасанға Astana AI Film Festival кинофестивалін инвестициялық қолдағаны үшін алғыс білдірді.

    Өз кезегінде Баладжи Шринивасан Қазақстанда озық технологиялық шешімдер мен дәстүрлі экономика салаларының үйлесімі табысты екенін ерекше атап өтті. Ол Network School Kazakhstan жобасының цифрлық шешімдерді одан әрі ілгерілетуге, адами капиталды дамытуға және инновациялық әзірлемелерді енгізуге қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған басым даму бағыттарын таныстырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →