Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Шымкентте тұрғын үй ауласынан 22 жастағы жігіттің денесі табылды

    Шымкентте  тұрғын үй ауласынан 22 жастағы жігіттің денесі табылды

    Фото: Видеодан скрин

    Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан адамның денесі табылғаны туралы видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. 

    Бейнежазбада оқиғаның Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысында болғаны айтылған. Сондай-ақ кадрларда полиция қызметкерлерінің келгені көрінеді.

    Жағдайға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті түсінік берді.

    Ведомствоның мәліметінше, 1 қарашада «БИИК» тұрғын үй кешенінде биіктіктен құлау салдарынан 22 жастағы ер адам қаза тапқан.

    – Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

    Сондай-ақ полиция ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →