Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Qarmet-тің жаңа сортты прокат кешенінің құрылыс алаңын аралады • Тоқаевқа Qarmet зауытындағы жаңа кокс батереяларының құрылысы таныстырылды • «Құшақтап, сүйіп алды»: Мақпал Жүнісова тойда ыңғайсыз жағдайға тап болды • Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Qarmet-тің жаңа сортты прокат кешенінің құрылыс алаңын аралады • Тоқаевқа Qarmet зауытындағы жаңа кокс батереяларының құрылысы таныстырылды • «Құшақтап, сүйіп алды»: Мақпал Жүнісова тойда ыңғайсыз жағдайға тап болды • Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды •

    Тоқаевқа Qarmet зауытындағы жаңа кокс батереяларының құрылысы таныстырылды

    Тоқаевқа Qarmet зауытындағы жаңа кокс батереяларының құрылысы таныстырылды

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысына  №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Президентке аталған жоба Qarmet компаниясының ірі инвестициялық бастамаларының қатарына енетіні айтылды. 

    Оның аясында жаңа кокс өндірісі қуатын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Мұндай ауқымдағы құрылыс комбинатта соңғы бірнеше онжылдықта болмаған. 

    Бас технологиялық серіктесі – ACRE Coking & Refractory Engineering Consulting Corporation компаниясы. 

    Екі батереяның жалпы жобалық қуаты жылына 1,5 миллион тонна құрғақ кокс өндіруге жетеді. Әр батереяда камерасының биіктігі 7,6 метр болатын 54 кокс пеші жұмыс істейді. 

    Жаңа агрегаттар домна пешін осында өндірілетін кокспен тұрақты түрде қамтамасыз етуге, оның сапасын ұдайы сақтауға және экологиялық қауіпсіздіктің анағұрлым жоғары деңгейде болуына мүмкіндік береді. 

    1960-1970 жылдары пайдалануға берілген өндіріс қуатын алмастыратын батереяларды келесі жылы іске қосу жоспарланып отыр. 

    Осылайша, Қазақстанда кокстеу өнімдерін терең өңдейтін алғашқы көмір химиясы кешені құрылады. 

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →