Қазақстан садақшылары блоктық садақ атудан әлем кубогінде алтын мен күміс алды
Қазақстандық садақшылар блоктық садақ атудан жекелей және командалық сайыстарда алтын, күміс жүлделерге қол жеткізді. Павел Кузнецов, Никита Ивлев, Милана Бурлева және басқа да спортшылар жүлдегер атанды.
Сурет: olympic.kz
Блоктық садақ атудан жекелей сайыста Павел Кузнецов алтын жүлдеге қол жеткізсе, Никита Ивлев күміс медальға ие болды. Әйелдер арасындағы жекелей бәсекеде Милана Бурлева екінші орынға тұрақтады. Ал классикалық садақ атудан әйелдер арасындағы жекелей сайыста Александра Землянова үздік үштікті қорытындылады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Командалық бәсекеде ерлер құрамасы блоктық садақ атудан топ жарды. Ұлттық құрама сапында Никита Ивлев, Павел Кузнецов және Ислам Серікұлы бақ сынады. Ал әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды: Милана Бурлева, Эльмира Раисова және Аяжан Жақсылық ел намысын қорғады.
Қазақстан аралас командалық бәсекеде де алтын жүлдегер атанды. Бұл сайыста Павел Кузнецов пен Эльмира Раисова өнер көрсетті.
Сонымен қатар ерлер құрамасы классикалық садақ атудан командалық жарыста екінші орынға жайғасты. Бұл бәсекеде Иван Берча, Рахымжан Қамар және Санжар Ержанұлы бақ сынады. Назеркеш Әлібек, Ясмин Ғалиахмет және Александра Земляновадан құралған команда әйелдер арасында күміс алды. Ал Иван Берча мен Александра Землянова аралас командалық жарыста жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
