Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Меруерт Түсіпбаева Бақтияр Қожамен бірге түскен суреттері талқыға түсті • Борышкердің ақшасынан төленетін өндіруші: жеке сот орындаушылары жүйесі неге шағымның негізгі көзіне айналды? • Тарихи жетістік: Елена Рыбакина 2026 жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды • «Ағамыз бос па екен»: Белгілі әзілкеш Динара Сәтжанға өтініш айтты • Алматыда LEZ пилоттық жобасының аралық қорытындысы шығарылды • Ақмола облысында бір күнде екі адам қаза тапты • Меруерт Түсіпбаева Бақтияр Қожамен бірге түскен суреттері талқыға түсті • Борышкердің ақшасынан төленетін өндіруші: жеке сот орындаушылары жүйесі неге шағымның негізгі көзіне айналды? • Тарихи жетістік: Елена Рыбакина 2026 жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтайды • «Ағамыз бос па екен»: Белгілі әзілкеш Динара Сәтжанға өтініш айтты • Алматыда LEZ пилоттық жобасының аралық қорытындысы шығарылды • Ақмола облысында бір күнде екі адам қаза тапты •

    Қазандықтағы қайғы: Атырауда зардап шеккен жұмысшының жағдайы ауыр

    Қазандықтағы қайғы: Атырауда зардап шеккен жұмысшының жағдайы ауыр

    Фото: видеодан скриншот

    Атырау қаласының «Авангард-2» ықшамауданында қазандықта болған жарылыстан зардап шеккен 53 жастағы ер адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Бұл туралы облыстық аурухана өкілдері мәлімдеді. Оқиға кеше таңертең үш қабатты ғимаратқа жапсарлас орналасқан қазандықта болған. Газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан жақын маңдағы көпқабатты тұрғын үйдің терезелері мен екі жеңіл көлік зақымданған.

    Зардап шеккен ер адам сағат 11:00 шамасында Атырау облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жеткізілген.

    — Науқастың диагнозы – аралас жарақат, беті мен жоғарғы аяқ-қолдарының күйігі және ауыр ашық бас-ми жарақаты. Қазір ол нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Жағдайы ауыр, дегенмен тұрақты. Барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – деді Атырау облыстық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Еркін Ербөлеков.

    Атырау қаласының әкімдігі оқиғаға орнына шаһар басшысының орынбасары оқиға орнына барып, жағдаймен толық танысқан.

    — Ғимарат иесі келтірілген шығынды толық өтейді. Қазір зақымданған терезелердің өлшемдері алынып, оларды қалпына келтіру жұмысы екі мердігер мекеме тарапынан жүргізілетін болады, — деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

    Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тиісті тексерісті бастап кеткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →