Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған •

    Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды

    Бахрейндегі жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақ фехтовальщиктері Кирилл Проходов алтын, Қайша Жәнібек күміс, Диляра Исабекова қола медаль алды.

    Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды

    Фото: fie.org

    Бахрейнде өтіп жатқан фехтовальден жастар арасындағы (23 жасқа дейінгі) Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар бүгін әртүрлі медальдарға қол жеткізді. Шпагамен сайысқан Кирилл Проходов алтын, саблямен сайысқан Қайша Жәнібек күміс, ал оның құрамалас құрбысы Диляра Исабекова қола медаль жеңіп алды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    19 жастағы Проходов ағымдағы маусымда командалық есепте әлем чемпионатында, Азия ойындарында, ересектер арасындағы Азия чемпионатында және Әлем кубогының кезеңінде алтын медальдарға ие болды. Сондай-ақ Азия ойындарының жеке есепте күміс жүлдегері атанды.

    Кирилл бес іріктеу сайысының төртеуінде жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Онда Макао өкілі Ка Винг Сунгты (15:8) және Қырғызстаннан Даниил Лепиховты (15:14) жеңіп, командалас Георгий Тинниковпен кездесті. Оны 15:9 есебімен ұтып, жартылай финалда тағы бір қырғызстандық Барсбек Райымбековті 15:10 есебімен жеңді. Финалда Проходовқа Гонконгтан Пак Ю Вонг қарсы шықты. Қазақ фехтовальщигі 15:12 есебімен жеңіске жетіп, алтын медальді иеленді.

    Тинников қорытындыда бесінші орынды, Жанарбек Жанузаков 22-ші, Михаил Кузьмин 41 қатысушының ішінде 30-шы орынды түйіндеді.

    Саблямен сайысқан Қайша Жәнібек Үндістаннан Шрути Джошиді (15:9) және Гонконгтан Саммер Фей Ситті (15:11) жеңіп, финалда оның әпкесі Саммер Джейн Ситке 8:15 есебімен жол берді.

    Болашақ чемпионға жартылай финалда Диляра Исабекова да 14:15 есебімен жеңіліп, қола медальға қол жеткізді. Әдема Серікбай плей-офф басында отандасы Полина Кооны 15:14 есебімен ұтты. Алайда келесі кездесуде Саммер Фей Ситке 3:15 есебімен жеңілді.

    Қорытындыда Серікбай 8-ші, Ко 11 қатысушының ішінде тоғызыншы орынды иеленді.

    Алдыңғы күні рапирамен сайысқан София Ақтаева мен саблямен сайысқан Бексұлтан Абжал ширек финалда тоқтаған болатын.

    Бахрейн астанасы Манамадағы жастар арасындағы құрлықтық біріншілік 2 қарашаға дейін жалғасады. Қазақстандық спортшылар қарудың барлық түрінен сынға түсуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →