Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы модераторы Қорғаныс министірінің кеңесшісі болды • «Бурабайды бөліп алды ма?»: Орманды қоршап, құрылыс бастағандар халықтың ашуын тудырды • Қалдықты бөлек жинаудан қайта пайдалануға дейін: Алматыда қалдықтарды өңдеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр • Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді • Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевтан жеңіліп қалды • «Бекболат Тілеуханның күйеу баласы болған»: әнші Мырзаханның бірінші некесіне қатысты дерек шықты • Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы модераторы Қорғаныс министірінің кеңесшісі болды • «Бурабайды бөліп алды ма?»: Орманды қоршап, құрылыс бастағандар халықтың ашуын тудырды • Қалдықты бөлек жинаудан қайта пайдалануға дейін: Алматыда қалдықтарды өңдеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр • Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді • Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевтан жеңіліп қалды • «Бекболат Тілеуханның күйеу баласы болған»: әнші Мырзаханның бірінші некесіне қатысты дерек шықты •

    «Бурабайды бөліп алды ма?»: Орманды қоршап, құрылыс бастағандар халықтың ашуын тудырды

    «Бурабайды бөліп алды ма?»: Орманды қоршап, құрылыс бастағандар халықтың ашуын тудырды

    Фото: видеодан скрин

    Бурабай табиғат қорғау аймағындағы орман алқабының қоршауға алынып, бейберекет құрылыс жүріп жатуы жұрттың қатаң наразылығын тудырды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Әлеуметтік желіде тараған видеода Щучинск қаласындағы санатория маңындағы табиғи аймақ пен жануарлар жүретін соқпақтарға дейін сыммен қоршалып қалғаны анық көрсетілген.

    Жергілікті тұрғындар «бұлай кетсе, орманға мүлде аяқ баса алмай қаламыз» деп ашынып, бұл заңсыздыққа жауапты мекемелердің қалай рұқсат бергенін сұрап отыр.

    Қоғам белсенділері мен қала тұрғындары мемлекеттік қорғаудағы орман қорының жеке адамдардың немесе компаниялардың меншігіне өтіп кетуіне қатысты дабыл қағуда.

    Тұрғындар бұл мәселені назардан тыс қалдырмай, тиісті министрлік пен Ақмола облысы мен Бурабай ауданының әкімдіктерінен шұғыл түсініктеме беруді талап етіп отыр.

    Әзірге бұл түйткілді жағдайға қатысты ресми органдар тарапынан ешқандай жауап берілген жоқ.

    Дереккөз/тредс: @aina_amedi

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →