«Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті
«Қазгидромет» 29 қазанда Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Орал және түнде Балқаш, Қарағанды, Өскемен, Теміртауда қолайсыз метеожағдай күтілетінін хабарлады.
Сурет: istockphoto
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
29 қазанда Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Орал қалаларында, сондай-ақ түнде Балқаш, Қарағанды, Өскемен және Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Мұндай жағдайлар кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
