Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, ал медицина қызметкерлерінің жалақысы 40%-ға дейін өседі. Президент Тоқаев үкіметке тапсырма берді.
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 100 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметке Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шара 1,8 млн адамның табысын арттыруға мүмкіндік береді, оның ішінде 370 мыңнан астам бюджет саласының қызметкері бар.
Сонымен қатар президент 2027 жылдың басынан бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін учаскелік мамандардың жалақысын көтеруді тапсырды. Үстемеақы үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40%-ға дейін жетеді.
Бұл өсім 77 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтиды.
