Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент •

    Тоқаев шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарды тапсырды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 40 пайызға, инвестициядағы үлесі 70 пайызға жеткенін айтып, Үкіметке орта бизнесті дамыту жоспарын тапсырды.

    Тоқаев шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарды тапсырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестің экономикадағы алатын орнына тоқталып, оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 40 пайызға жеткенін, ал негізгі капиталға тартылған инвестициядағы үлесі 70 пайызға жақындап келе жатқанын атап өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мемлекет басшысы шағын бизнестің маңыздылығы бәрімізге белгілі екенін, ол көптеген елде экономиканың қозғаушы күші саналатынын еске салды. Бүгінде бұл саладағы кәсіпкерлердің үштен бірінен астамы саудамен айналысады. Сол себепті шағын бизнес құрылымын әртараптандыруға баса мән беру қажет деп үнемі айтып жүрміз, деді Президент.

    Сонымен қатар Үкіметтің алдында орта бизнесті дамыту жөнінде арнайы жоспар әзірлеу міндеті тұр. Құжатта кәсіпорындарды ұзақмерзімді қаржыландыру әрі технологиялық тұрғыдан жаңғырту тетіктері көрсетілуі қажет. Орта бизнес өкілдерінің ірі кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеп, оларға өз өнімдерін өткізуіне жағдай жасау керек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →