Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Тоқаев шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарды тапсырды • Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Тоқаев шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарды тапсырды • Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды •

    Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды

    Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды

    Фото: видеодан скрин

    аманауи жолдар мен жол бойындағы сапалы қызмет көрсету инфрақұрылымы болмаса, Қазақстан халықаралық транзит дәлізі немесе Еуразиядағы көлік-логистика орталығы бола алмайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

    Президент мәселенің маңызы зор екенін, оны қалай болғанда да шешу қажеттігін баса айтты.

    – Егер шекара бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісін тудыратын «тар өткелге» айналса, ал қазіргі жағдай осындай болса, онда Қазақстанның өңірдегі көшбасшылығы туралы сөз қозғаудың өзі артық, – деп сынға алды Президент.

    Мемлекет басшысының айтуынша, Еуропа мен Азияны жалғайтын негізгі әуе дәліздері еліміздің аумағы арқылы өтеді. Бұл – елімізге үлкен бәсекелік артықшылық беретін мүмкіндік.

    – Алайда әзірге бұл әдемі презентацияларда қалып отыр. Осы мүмкіндікті іс жүзінде пайдалану үшін жерүсті сервистік инфрақұрылымын дамыту қажет. Бұл – әлемдік тәжірибеде қалыптасқан тәсіл. Ал қазір қомақты табыс көздері елімізді айналып өтуде, – деді ол.

    Тоқаев «Air Cargo» жеке компаниясына үлкен үміт артылғанын атап өтті.

    – Оның қаржылық мүмкіндігі мол, соның ішінде шетелдің жетекші мамандарының еңбекақысын төлеуге де қауқарлы. Сондай-ақ компания дербес шешім қабылдай алады. Бірақ әлі күнге дейін нақты шешім де, нәтиже де жоқ. Сіздерге сенім арттық. Енді нақты нәтиже күтеміз, – деді Президент.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →