Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Тоқаев шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарды тапсырды • Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Тоқаев шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарды тапсырды • Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды •

    Тоқаев ауруханалар мен перзентханалар құрылысын жеделдетуді тапсырды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде 70 денсаулық сақтау және 50 білім, спорт, мәдениет нысанының құрылысын жеделдетуді тапсырды.

    Тоқаев ауруханалар мен перзентханалар құрылысын жеделдетуді тапсырды

    Ұлттық қор ресурстарын жинақтау мен оларды пайдалану арасында тепе-теңдік сақталуы керек. Қаражат қоғамға барынша пайда әкелетін нәрсеге ғана жұмсалуға тиіс.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бастысы — жұмсалған ақша экономикалық және әлеуметтік қайтарымға ие болуы керек. Өйткені бөлінетін мемлекеттік қаражаттың негізгі мақсаты — халықтың әл-ауқатын арттыру.

    Тиісті жобаларды іске асыруға материалдық-техникалық базасы мықты және тәжірибесі мол жергілікті шағын және орта бизнес өкілдерін тарту қажет. Бүкіл құрылыс барысы қатаң бақылауға алынады.

    Ең алдымен өңірлерде шамамен 70 денсаулық сақтау нысаны салынады.

    Перзентханалар, ауруханалар, жедел жәрдем станциялары, балаларды оңалту орталықтары және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған спорт залдары салынады.

    Сондай-ақ білім, спорт және мәдениет мекемелерінен шамамен 50 нысанның құрылысы басталады.

    Осындай аса қажетті, сапалы нысандардың құрылысын жедел бастап, жақын арада пайдалануға беруіміз керек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →