Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Тоқаев шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарды тапсырды • Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Тоқаев шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі жоспарды тапсырды • Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды •

    «Құрылтай депутаттарына үмітім зор»: Тоқаев ел алдындағы маңызды міндеттерді атады

    «Құрылтай депутаттарына үмітім зор»: Тоқаев ел алдындағы маңызды міндеттерді атады

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның егемендігін нығайту, ішкі тұрақтылықты сақтау және болашақ ұрпаққа қуатты мемлекет қалдыру ел алдындағы басты стратегиялық міндеттердің бірі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.infoақпарат порталы. 

    Президент әлемдегі геосаяси ахуалдың күрделі әрі құбылмалы болып отырғанына қарамастан, Қазақстанның ауқымды саяси реформаларды жүзеге асырып, дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті.

    «Дәл осындай құбылмалы заманға қарамастан, Қазақстан ел дамуының жаңа дәуіріне үлкен сеніммен қадам басып, кең ауқымды саяси реформаны іске асырды. Бұл – дүние жүзінде өте сирек кездесетін құбылыс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы кезеңдегі негізгі міндет – ел егемендігін одан әрі нығайтып, әлемдегі тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның өсіп-өркендеуіне жағдай жасау.

    Президент бұл мақсатқа жету үшін мемлекеттік органдармен қатар бүкіл қоғамның белсенділігі маңызды екенін жеткізді. Әсіресе отаншыл, білімді және жауапкершілігі жоғары азаматтардың ел дамуына қосатын үлесіне тоқталды.

    «Енді алдағы уақытта да еліміздің егемендігін нығайтуымыз керек. Бұл – қазіргі әлемдегі бұлыңғыр ахуалда ішкі тұрақтылықты сақтай отырып, өсіп-өркендеу деген сөз. Осы жолда бүкіл қоғам, соның ішінде отаншыл, белсенді, білімді азаматтар қарқынды еңбек етуі керек. Құрылтай депутаттарына да үмітім зор», – деді Президент.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда мемлекеттік аппарат пен құқық қорғау органдарына ерекше жауапкершілік жүктелетінін айтты.

    Президенттің сөзінше, бүгінгі ұрпақтың міндеті тек ұзақмерзімді жоспарлар мен тұжырымдамалар әзірлеумен шектелмеуге тиіс. Негізгі мақсат – келер ұрпаққа экономикасы дамыған, жоғары технологияларға сүйенген, білім мен ғылымды басты құндылық санайтын қуатты мемлекет қалдыру.

    «Басқаша айтқанда, қазіргі буын өкілдері, яғни біз келе жатқан жас ұрпақтарға жоспарлар мен тұжырымдар емес, экономикасы қуатты және қарқынды, жоғары технологиялары дамыған, білім мен ғылымға негізделген, заңды мойындайтын, жасампаз әрі озық, геосаяси тұрғыдан күші мен ықпалы бар Қазақстанды қалдыруымыз керек.

    Бұл – ұлтымыздың алдында тұрған нағыз стратегиялық міндет», – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

    Осылайша Президент елдің ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз етуде экономикалық қуатты арттыру, технологиялық ілгерілеу, білім мен ғылымды дамыту және заң үстемдігін орнықтыру маңызды екенін атап көрсетті.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →