Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге 122 мыңнан астам адам барған
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 122 654 Қазақстан азаматы жұмыс істеу мақсатында Ресейге барған. Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан көш бастап тұр.
Сурет: Pexels / General Kenobi
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 122 654 Қазақстан азаматы жұмыс істеу мақсатында Ресейге барған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ресей шекарасын табыс табу мақсатында ең көп кесіп өткендер – Өзбекстан азаматтары. Алты айдың ішінде бұл елден 1 миллион 178 мыңнан астам адам барған. Рейтингте одан кейінгі орындарға Тәжікстан (494 518 адам), Қырғызстан (289 061 адам) және Қазақстан азаматтары жайғасқан. Жұмыс істеуге барғандардың алғашқы бестігін Қытай (89 656 адам) түйіндеп тұр. Сондай-ақ ондыққа Армения, Әзербайжан, Үндістан, Түрікменстан және Түркия елдері кірген.
❔ Егер қандай да бір оқиғаның куәсі болсаңыз немесе маңызды ақпаратыңыз болса, +7 (778) 864-11-75 WhatsApp нөміріне жолдауыңызды сұраймыз!
