Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайраттағы» кадрлық өзгерістер: үш футболшының кетуі ықтимал • Қазақстанның жеті жылдағы өзгерістері: «Жаңа адамдар» ерекше бейнелер топтамасын таныстырды • Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге 122 мыңнан астам адам барған • OpenAI үш ірі ғылыми нәтиже жариялап, сыртқы сараптамаға ұсынды • Трамп Тоқаевты Республика күнімен құттықтады • «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті • «Қайраттағы» кадрлық өзгерістер: үш футболшының кетуі ықтимал • Қазақстанның жеті жылдағы өзгерістері: «Жаңа адамдар» ерекше бейнелер топтамасын таныстырды • Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге 122 мыңнан астам адам барған • OpenAI үш ірі ғылыми нәтиже жариялап, сыртқы сараптамаға ұсынды • Трамп Тоқаевты Республика күнімен құттықтады • «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті •

    Трамп Тоқаевты Республика күнімен құттықтады

    Трамп Тоқаевты Республика күнімен құттықтады

    Фото: Ақорда

    Республика күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президенті Дональд Трамптың құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

    – Кейінгі бір жыл ішінде серіктестігімізді тереңдете түскенімізге қуаныштымын. Бұл халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап екі елге де пайдалы маңызды коммерциялық келісімдерге дейін қамтыды. 1991 жылы халықаралық аренада Қазақстанды егемен ел ретінде бірінші болып Құрама Штаттар таныған болатын. Сондықтан еліңіздің тәуелсіздігі мен егемендігін және аумақтық тұтастығын әрдайым қолдаймыз. Қазақстанның таңғаларлық экономикалық табыстарына америкалық компаниялар да зор үлес қосып келеді. Елдеріміз арасындағы берік достық ұзақ жылдарға жалғасатынына сенімдімін. Желтоқсан айында өтетін G20 саммиті аясындағы кездесуді асыға күтемін, – деп жазды Дональд Трамп.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →