Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Мбаппе «Реал» сапындағы 100-ші голын «Барселонаға» соқты

    Мадридтің «Реалы» Испания чемпионатының 10-шы турында «Барселонаны» 2:1 есебімен жеңді. Килиан Мбаппе дубль жасап, «Реал» сапындағы 100-ші голын соқты.

    Мбаппе «Реал» сапындағы 100-ші голын «Барселонаға» соқты

    Фото: realmadrid / instagram

    Мадридтің «Реалы» Испания футбол чемпионатының 10-шы турында «Барселонаны» сырт алаңда 2:1 есебімен жеңді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жеңімпаздар сапында екі голды да Килиан Мбаппе соқты – ол қарсылас қақпасын 41-ші және 87-ші минуттарда дәл көздеді. Каталондықтардан Рафинья 61-ші минутта есепті теңестірді. Мадридтің негізгі қақпашысы Тибо Куртуа тұмауына байланысты ойынға шыққан жоқ.

    Француз шабуылшысы дубль жасап, «Реал» сапындағы голдар санын 100-ге жеткізді. Ол клуб тарихында осы межеге жеткен 24-ші футболшы атанды. Мбаппе мадридтік командаға 2024 жылдың жазында қосылған.

    Жеңіліс «Барселонаға» Испания чемпионатында маусым басынан бергі қатарынан жеңістер саны бойынша «Реалдың» жетістігін басып озуға мүмкіндік бермеді. Каталондықтар қатарынан тоғыз матчта жеңіске жеткенімен, серияны жалғастыра алмады.

    10 турдан кейін «Барселона» 27 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында тұр. «Реал» 24 ұпай жинап, үшінші сатыда орналасқан.

    Келесі турда каталондықтар 31 қазанда өз алаңында «Алавеспен» ойнайды, ал мадридтіктер 1 қарашада сырт алаңда «Расингпен» кездеседі.

    Бұған дейін Жозе Моуриньоның мадридтік «Реалға» оралатыны туралы жазған болатынбыз. Португалиялық бапкер испан клубымен үш жылдық келісімшартқа қол қойып, команданы қайтадан басқарды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →