Шайдоров Гран-при сериясының Франциядағы кезеңінде оныншы орынға тұрақтады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Францияның Анже қаласында өткен Гран-при сериясының алғашқы кезеңінде 206,55 ұпаймен оныншы орынға тұрақтады.
Сурет: ҰОК
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026/27 маусымындағы Гран-при сериясының Францияның Анже қаласында өткен алғашқы кезеңіндегі жарысын аяқтады. Екі күнге созылған бәсекеде отандасымыз 206,55 ұпай жинап, оныншы орынға тұрақтады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Қысқа бағдарламада Михаил Шайдоров төртінші нәтиже көрсеткен еді. Алайда еркін бағдарламада 11-орынға ие болып, жалпы есепте үздік бестіктегі орнын сақтап қала алмады.
284,24 ұпай жинаған Франция өкілі Адам Сяо Хим Фа жеңімпаз атанды. Жапония спортшысы Као Миура 247,96 ұпаймен күміс жүлдеге ие болса, Оңтүстік Корея өкілі Минкю Со 244,90 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Франциядағы жарыс 2026/27 жылғы маусымда өтетін Гран-при сериясының алты кезеңінің алғашқысы болды.
