Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

    Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали елордада өткен грек-рим күресінен әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.

    Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

    Фото: ҰОК

    Елордада өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали жеңіс тұғырына көтерілді. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері әрі 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Цао Лигоменымен кездесті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Тартысты өткен айқаста Айдос Сұлтанғали 5:1 есебімен басым түсті. Бұған дейін ол былтыр Загребте өткен әлем чемпионатында алтын тұғырға көтерілген болатын.

    Осылайша ұлттық құрама қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Исхар Курбаев (55 келі) үшінші орынды иеленген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →