Қазақстанның көк байрағы Уолл-стритте желбіреді (ВИДЕО)
Фото: Қазақстанның АҚШ-тағы консулдығы
Республика күніне орай Нью-Йоркте Қазақстан туы көтерілді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпара порталы.
22 қазанда Нью-Йорктің Манхэттен ауданындағы Уолл-стритте Қазақстанның мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті.
Республика күні қарсаңында дәстүрлі түрде өтетін шара Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық пен өзара құрметтің, дипломатиялық байланысты нығайтудың белгісі болды.
Видео: newyorkfaces / arkenavan
