Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі •

    «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді

    «ҚазАвтоЖол» Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізді.

    «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді

    Сурет: Әлеуметтік желіден

    «ҚазАвтоЖол» компаниясы бірнеше облыста ауа райының нашарлауына байланысты автокөлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылғы 22 қазанда сағат 20:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Өскемен – Риддер – Ресей Федерациясы шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының 15–105-шақырым аралығында (Белоусовка кенті – Риддер қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Жол қозғалысын 2026 жылғы 23 қазанда сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланған.

    Қарағанды облысында 2026 жылғы 22 қазанда сағат 21:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты KAZ 15 «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Богас» республикалық маңызы бар автожолының 60–265-шақырым аралығында (Ботақара кенті – Бақты ауылы) жазғы дөңгелектермен жабдықталған көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды 2026 жылғы 23 қазанда сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

    «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, синоптиктердің болжамына сәйкес, түнгі және таңғы уақытта Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында жаңбыр аралас қар мен қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде көктайғақ болады деп күтілуде.

    Компания жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырды. «Жүргізушілерден барынша мұқият болуды, жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтауды, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды және мүмкіндігінше аса қажеттілік болмаса, сапарға шықпауды сұраймыз», – деп жазылған хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →