Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды • Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азияның ең ірі 20 компаниясы қатарында • Өндірістік тәуекелдің алдын алу: «Қазақмыс» Сәтбаевта жаңа оқу базасын ашты • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты •

    Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды

    Мұстафа Есентайұлы Армениядағы Karen Kureghyan Memorial Cup халықаралық теннис турнирінде жекелей сында чемпион атанып, жұптық сында екінші орын алды.

    Мұстафа Есентайұлы Армениядағы халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды

    Арменияның Цахкадзор қаласында өткен «Karen Kureghyan Memorial Cup» халықаралық жасөспірімдер теннис турнирінде қазақстандық Мұстафа Есентайұлы жарқырап көрінді. Tennis Europe күнтізбесіндегі 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы 2-санатты жарыста ол жүлделі орындарға қол жеткізді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Турнирге Қазақстан, Молдова, Армения, Иран және Грузия сынды елдердің жас теннисшілері қатысты. Шетелдік жарыста алғаш рет бақ сынағанына қарамастан, Мұстафа Есентайұлы жекелей сында 1-орынды, жұптық сында 2-орынды иеленді.

    Жарыс барысында жас спортшы әртүрлі елдерден келген қарсыластарымен кездесіп, өзінің шеберлігі мен жеңіске деген жігерін дәлелдеді. Топтық кезеңде Мұстафа Молдова өкілі Доминик Андрейченкомен және Самвел Тадевосянмен кездесіп, басым түсті.

    Жартылай финалда ол Марк Бондаревті 7:5, 6:0 есебімен жеңсе, финалда Дмитрий Фазыловты 6:1, 4:6, 6:2 есебімен ұтып, турнир чемпионы атанды!

    Мұстафа тенниспен 5 жасынан бастап айналысады. Қазір ол Алматы қаласындағы «Alatau» теннис орталығында жаттығады. Жаттықтырушысы — Гайратов Шохрух. Мамандар Алматы қаласының 12 жасқа дейінгі теннисшілер құрамасына кірген Мұстафа Есентайұлының болашағынан зор үміт күтеді.

    «Мұстафаның бұл жетістігі — тынымсыз еңбектің, күнделікті жаттығудың, тәртіп пен табандылықтың нәтижесі. Жас спортшының жеңісі Қазақстан теннисінің болашағына деген сенімді арттыра түседі. Бұл жарыс шәкіртім үшін халықаралық тәжірибесін арттырып, өз деңгейін көрсетуге тамаша мүмкіндік болды», — дейді жаттықтырушысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →