Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кесте тігу – қазақ әйелдерінің байырғы медитациясы әрі табыс көзі • Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды • Кесте тігу – қазақ әйелдерінің байырғы медитациясы әрі табыс көзі • Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды •

    Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды

    Алматы облысында TikTok-та тікелей эфирде балағат сөздер айтқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот оған 86 500 теңге айыппұл салды.

    Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды

    Сурет: freepik.com

    Алматы облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир жүргізіп, балағат сөздер айтқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 86 500 теңге айыппұл салды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оқиға 11 қазанда күндізгі сағат 12:00 шамасында болған. Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел өз үйінде отырып TikTok арқылы тікелей эфир жүргізген. Алайда эфир барысында бейәдеп сөздер қолданып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Бұл жағдайға байланысты іс сотта қаралды.

    Сот отырысында құқық бұзушылыққа қатысты жиналған материалдар зерттелді. Олардың арасында әйелдің тікелей эфирде балағат сөздер айтқанын көрсететін бейнежазба да болған. Істі қарау барысында әйел өз кінәсін мойындаған.

    Нәтижесінде сот оның әрекетін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 3-бөлігі, яғни «Ұсақ бұзақылық» бойынша саралаған. Әйелге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Бұл 2026 жылғы есеппен 86 500 теңгені құрайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →