Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды • Тоқаев Бас прокурорды қабылдап, құқықтық тәртіпті нығайтуды тапсырды • Алматы облысында TikTok-та балағат сөздер айтқан әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды • Тоқаев Бас прокурорды қабылдап, құқықтық тәртіпті нығайтуды тапсырды •

    Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды

    FlyArystan ұшағы Алматы – Павлодар рейсінде Павлодар әуежайында мұздануға қарсы өңдеу мүмкіндігі болмағандықтан кері қайтарылды. Екі рейс тоқтатылды.

    Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды

    Сурет: FlyArystan

    Алматыдан Павлодарға бағыт алған FlyArystan ұшағы діттеген жеріне жетпей, бастапқы әуежайға қайта оралды. Әуе компаниясы рейстің тоқтатылуына ауа райының қолайсыздығы мен әуе кемесін мұз қатудан қорғау мәселесі себеп болғанын мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    20 қазанда әлеуметтік желілерде Алматы – Павлодар бағытындағы ұшақтың кері бұрылғаны туралы ақпарат тарады. Threads желісіндегі meirkmz есімді қолданушы рейстің Павлодарға жетпей, қайта Алматыға бет алғанын жазған.

    «Алматы – Павлодар рейсі. Павлодарға 300 шақырым қалғанда ұшақ Алматыға кері қайтып жатыр», – деп жазды жолаушы.

    Бұл жағдайға FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

    Ұшақ неге Павлодарға қонбады? Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, 20 қазанға жоспарланған Алматы – Павлодар бағытындағы FS-7131 рейсі Алматыға қайтарылып, кейін тоқтатылған. Павлодардан Алматыға ұшуы тиіс FS-7132 рейсі де орындалмайтын болды. Бұған Павлодар әуежайында әуе кемесін мұз қатудан қорғайтын арнайы өңдеуді жүргізу мүмкіндігінің болмауы себеп болған.

    «2026 жылғы 20 қазандағы Алматы – Павлодар бағытындағы FS-7131 рейсі Алматыға қайтарылып, тоқтатылды. Кері бағыттағы FS-7132 рейсі де тоқтатылды. Ұшақтың кері қайтуына Павлодар әуежайында мұздануға қарсы өңдеу жүргізу мүмкіндігінің болмауы себеп болды. Ұшу барысында Павлодардағы ауа райы болжамы нашарлап, жауын-шашын күтілді. Мұндай жағдайда ұшар алдында әуе кемесін арнайы өңдеуден өткізу міндетті», – деп түсіндірді компания.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →