Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үштөбеде «Таза Қазақстан» аясында жаңартылған саябақ ашылды • Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты • ТүркПА отырысында ортақ Цифрлық кодекс әзірлеу ұсынылды • Алматы облысында көпір қирап жатыр: тұрғындар әкімдіктен жөндеуді талап етті • Өскеменнің ортасында көлік қоятын орын тапшы: жаңа тұрғын үйлер кептелісті күшейте ме? • «Динара Сәтжан емес!»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіге дөрекі ескерту жасады • Үштөбеде «Таза Қазақстан» аясында жаңартылған саябақ ашылды • Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты • ТүркПА отырысында ортақ Цифрлық кодекс әзірлеу ұсынылды • Алматы облысында көпір қирап жатыр: тұрғындар әкімдіктен жөндеуді талап етті • Өскеменнің ортасында көлік қоятын орын тапшы: жаңа тұрғын үйлер кептелісті күшейте ме? • «Динара Сәтжан емес!»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіге дөрекі ескерту жасады •

    ТүркПА отырысында ортақ Цифрлық кодекс әзірлеу ұсынылды

    Бішкекте өткен ТүркПА XV пленарлық отырысында Қазақстан ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды. Айбек Дәдебай бастаған делегация ресми кездесулер өткізді.

    ТүркПА отырысында ортақ Цифрлық кодекс әзірлеу ұсынылды

    20 қазан күні Бішкекте Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) XV пленарлық отырысы өтті. Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай бастаған делегация Қырғыз Республикасының астанасындағы бұл жиынға қатысты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қазақстандық депутаттардың Бішкектегі жұмысы бірқатар ресми кездесуден басталды. Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Құрылтай Төрағасын ТүркПА-ға мүше елдер парламенттерінің басшыларымен бірге қабылдады. Айбек Дәдебай бауырлас елдің басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықыласы мен ізгі тілегін жеткізді. Кездесуде түркі мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық деңгейге көтеріліп, жан-жақты дамып келе жатқаны атап өтілді. Бұл – елдер көшбасшылары арасындағы жемісті өзара іс-қимылдың тікелей нәтижесі.

    Негізгі отырыс қарсаңында Жогорку Кенеш Төрағасы Марлен Маматалиевпен мазмұнды кездесу өтті. Айбек Дәдебай қырғыз әріптестеріне қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, Қырғызстан Парламентімен екіжақты қарым-қатынасты Парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңес, достық тобы және салалық комитеттер аясында барлық деңгейде одан әрі дамыту Құрылтай үшін айрықша маңызды екенін атап өтті.

    ТүркПА-ның XV пленарлық отырысы «Жасанды интеллект және технологиялық прогресс дәуіріндегі түркі әлемінің парламентаралық ынтымақтастығы» тақырыбына арналды. Құрылтай Төрағасы өз сөзінде бұл талқылау биыл Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде көтерілген бастамалармен үндес екенін атап өтті.

    – Бұл жасанды интеллект пен заманауи технологиялар мәселелерінің түркі әлемінің ортақ күн тәртібінде ерекше орын алатынын көрсетеді. Осыған байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев түркі елдерінің IT-хабтар желісін және Астанадағы Alem.AI базасында Жасанды интеллект орталығын құру бастамасының маңыздылығын атап өтті. Бұл жобалар елдеріміздің технологиялық әлеуетін біріктіріп қана қоймай, ортақ цифрлық экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ең алдымен, мұндай тетіктер ынтымақтастықты декларативті деңгейден нақты практикалық нәтижелерге көшіруді қамтамасыз етеді, – деді Айбек Дәдебай.

    Құрылтай Төрағасы сондай-ақ отырысқа қатысушыларды Габалада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қазақстан тарапы ұсынған бастамаларды қолдауға шақырды. Атап айтқанда, логистикалық әлеуетті арттыруға бағытталған жаңа технологиялар мен ортақ цифрлық шешімдерді ілгерілету үшін цифрлық мониторинг және цифрлық инновациялар орталықтарын ашу, сондай-ақ Түркі мемлекеттерінің киберқауіпсіздік жөніндегі кеңесін құру бастамалары туралы сөз болды.

    Айбек Дәдебай Қазақстанда цифрландыру ел дамуының стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде айқындалғанын, ал 2026 жылды Президент «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялағанын атап өтті. Құрылтай Төрағасы әріптестерімен Қазақстанның цифрлық ортаны заңнамалық қолдау саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, жаңа Цифрлық кодекс, «Жасанды интеллект туралы» заң, сондай-ақ «Digital Qazaqstan» ұлттық стратегиясы аясында заңнаманы одан әрі жетілдіру жұмыстары туралы айтып берді.

    Осыған байланысты Қазақстан тарапы еліміздің тәжірибесі негізінде ТүркПА елдеріне арналған үлгілік Цифрлық кодексті әзірлеу бастамасын көтерді. Бұл құжат түркі мемлекеттері арасында цифрлық құқық саласының ортақ тұжырымдамалық, терминологиялық және әдіснамалық негізін қалыптастыруға ықпал етеді.

    Айбек Дәдебай Қазақстанда цифрландыру саласында жүзеге асырылып жатқан жобаларға да тоқталды. Олардың қатарында заң шығару жұмысын «e-Quryltai» платформасына көшіру, өңірдегі ең қуатты екі суперкомпьютерді іске қосу, «GovTech» инфрақұрылымын дамыту, AI-Sana бағдарламасы арқылы азаматтарды оқыту, Astana Hub кластері мен Qazaq AI Research University базасындағы білім беру жобалары және басқа да бастамалар бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →