Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • Таразда көзінен айырылған оқушының ісі бойынша сот үкім шығарды • Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • Қарсақбай мыс балқыту зауыты: тарихқа толы 98 жыл, еңбек пен дәстүр сабақтастығы • «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • Таразда көзінен айырылған оқушының ісі бойынша сот үкім шығарды • Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • Қарсақбай мыс балқыту зауыты: тарихқа толы 98 жыл, еңбек пен дәстүр сабақтастығы • «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды •

    Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды

    Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды

    Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл құтқарушылары» жобасын бүкіл Қазақстан аумағында кеңінен қолдану қажет екенін айтты. Оның сөзінше, бастама аясында кейінгі екі жылда 300-ге жуық өрт сөндіру бекеті құрылып, 450-ге жуық өрт дер кезінде тоқтатылған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    «Құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін өндірістік қауіпсіздік саласына цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдер енгізіліп жатыр. Бұдан бөлек, шалғай елді мекендердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта «Ауыл құтқарушылары» бастамасы қолға алынды. Жоба аясында кейінгі екі жылда 300-ге тарта өрт сөндіру бекеті құрылды. Нәтижесінде 450-ге жуық өрт дер кезінде тоқтатылды. Осы игі тәжірибені бүкіл ел аумағында кеңінен қолдану қажет. Тағы бір маңызды мәселе. Мемлекет тарапынан құтқарушыларға жан-жақты қолдау көрсетілуге тиіс. Азаматтық қорғаныс саласы мамандарын заман талабына сай техникамен, қажетті қорғаныс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Құтқарушылардың кәсіби даярлығын үнемі жетілдіріп отыру керек. Сонымен бірге олардың мейлінше қауіпсіз жағдайда еңбек етуін қамтамасыз ету қажет. Мұның бәрі де – өте өзекті міндеттер, Үкімет осы міндеттерге назар аударуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент қазіргі кезде құтқарушылар жағдайды сараптай білуі, батыл болуы, жедел шешім қабылдап, кез келген қолайсыз ахуалдан жол табуы қажет деп санайды.

    «Денені шыңдаумен бірге заманауи технологиялардың тілін білген жөн. Мәселен, ұшқышсыз аппараттардың және автоматтандырылған жүйелердің кеңінен қолданыла бастауы арнайы білім мен құзыретті талап етеді. Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясы төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жаңа буынын даярлауда негізгі рөл атқарады. Бұл – тұтас саланың ұстаханасы саналатын еліміздегі бірден-бір жоғары оқу орны. Академия уақыт талабына сай әлемдегі үздік тәжірибелерді қолданып, күрделі құтқару операцияларын зерделеуі керек. Сонымен қатар қазақстандық құтқарушылар мектебінің озық дәстүрлерін нығайта отырып, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтау қажет. Біздің азаматтық қорғау органдары төтенше жағдаймен күресте елімізде де, одан тысқары жерлерде де кәсібилігімен көзге түсіп жүр», – деді Мемлекет басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →