Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • Таразда көзінен айырылған оқушының ісі бойынша сот үкім шығарды • Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • Қарсақбай мыс балқыту зауыты: тарихқа толы 98 жыл, еңбек пен дәстүр сабақтастығы • «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды • Ливиядағы әскери лагерьде болған жарылыстан 7 адам қаза тапты • Алматы мен Түркістан облысында заңсыз ломбардтан байыған әйелдің 21 пәтері анықталды • Таразда көзінен айырылған оқушының ісі бойынша сот үкім шығарды • Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • Қарсақбай мыс балқыту зауыты: тарихқа толы 98 жыл, еңбек пен дәстүр сабақтастығы • «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды •

    «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды

    «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды

    Фото: Видео скриншот

    Астана қаласында BI Group компаниясы салған «бизнес+» санатындағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары құрылыс сапасына наразылық білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Threads желісіндегі жазба авторының айтуынша, пәтер кілтін 2024 жылдың қарашасында алғанымен, аула мен жерасты тұрағындағы құрылыс жұмыстары әлі аяқталмаған.

    Тұрғындар жерасты тұрағының суық екенін, көлікті қашықтан оталдыру жүйесі жұмыс істемейтінін және кейбір бөлмелерге су ағатынын айтып шағымданған.

    Сондай-ақ қабырғалар мен төбедегі жарықтар түсірілген суреттер жарияланып, компания уәде еткен фитнес-залдың әлі ашылмағаны айтылды. Жазба авторы BI Group-тың өтінімдерді қабылдайтын қосымшасында шағымдар жабылып қалатынын, ал кемшіліктер толық түзетілмегенін мәлімдеді.

    Енді тұрғындар құрылыс компаниясынан барлық ақауды жоюды және кепілдік мерзімін ұзартуды талап етіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →