Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды • Мерей Базарбаев 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты • Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті • Астанада автобуста қызға әдепсіз әрекет жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды • «Қазгидромет» 18 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты • Астанада ер адамды үш метрлік траншеядан экскаватормен шығарды •

    Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті

    Талдықорған әкімі Ернат Бәзіл Ұлттық ұланның 5514 әскери бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті және оқу пунктіндегі даярлық барысымен танысты.

    Талдықорған әкімі Ұлттық ұлан бөліміне барып, жас сарбаздармен кездесті

    Фото: ұлттық ұлан

    Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 5514 әскери бөліміне барды. Сапар барысында ол әскери қызметшілердің қызметтік жағдайымен танысып, оқу пунктінде әскери даярлықтан өтіп жатқан жас сарбаздармен кездесті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Шаһар басшысы әскери бөлімнің күнделікті тыныс-тіршілігін көріп, екінші жедел мақсаттағы ротаның қызметін ұйымдастыруға, жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған жұмыстарға назар аударды.

    Сонымен қатар қала әкімі әскери борышын өтеу кезінде ерлік көрсетіп, III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған қатардағы жауынгер Айбат Амановтың құрметіне арналған бұрышты аралады. Мұнда ерлік көрсеткен жауынгердің өнегелі ісі мен оның есімін ұлықтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар таныстырылды.

    Сапардың маңызды бөлігі оқу пунктінде әскери даярлықтан өтіп жатқан жас сарбаздармен кездесуге арналды. Ернат Бәзіл Отан алдындағы борышты өтеудің мәртебелі міндет екенін атап өтіп, сарбаздарды әскери тәртіпті қатаң сақтауға, жауапкершілік танытуға және ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет етуге шақырды.

    Кездесу барысында әскери даярлықта белсенділігімен, үлгілі тәртібімен және жауапкершілігімен ерекшеленген алты жас сарбаз марапатталды. Атап айтқанда, қатардағы жауынгерлер Әлихан Әлішер, Әлихан Толымбеков, Қайрат Сатывалды, Балғымбек Бітімбай, Рамазан Мусаев және Бекарыс Тоқтар қала әкімінің марапатына ие болды.

    Жас сарбаздарға көрсетілген мұндай құрмет олардың әскери қызметке деген ынтасын арттырып, Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруға жігерлендірді. Сонымен қатар бұл бастама әскери ортада тәртіптілік, жауапкершілік және өзара қолдау құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.

    Қала әкімінің әскери бөлімге сапары жергілікті атқарушы органдар мен Ұлттық ұлан арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, әскери қызметшілерді қолдауға және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →