Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • ШҚО-да аюлар ауылдарға жақындап, бұзауды жеп кеткен

    Шығыс Қазақстан облысында аюлар ауылдарға жақындап, Ландман ауылында бұзауды жеп кеткен. Тұрғындар жыртқыштарды бірнеше елді мекеннен байқаған.

    ШҚО-да аюлар ауылдарға жақындап, бұзауды жеп кеткен

    Фото: Видео кадрларынан скрин

    Шығыс Қазақстан облысында аюлар елді мекендерге жақындай бастады. Алтай ауданында жыртқыштар бірнеше ауылдан байқалып, Ландман ауылында аю бұзауды жеп кеткен.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Тұрғындардың айтуынша, Малеевск пен Путинцево ауылдарының арасындағы Хамир өзенінің маңында адамдар аюға тап болған. Аюдың қонжығы адамдар жиі демалатын жердің маңында жүрген. Ол ағашқа өрмелеп шыққанымен, адамдарды көрген соң бұталардың арасына қашып кеткен. Аюлар Быково ауылынан да байқалған.

    Малеев ауылдық округінің әкімі Бақыт Исаевтың айтуынша, жабайы аңдардың пайда болғаны туралы орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету тобына хабар берілген. Әкімнің сөзінше, бұған дейін елді мекендерде және олардың маңында аюлардың мұншалықты көптеп көрінуі байқалмаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →