Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Астанадағы жүзу әлем кубогында қазақстандықтар екі ұлттық рекорд орнатты • Түркістан облысында басына шелек киген бүлдіршіннің видеосы миллион қаралым жинады • Ресей Айда 5 кВт атом қондырғысын орнатуды жоспарлап отыр •

    Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды

    Қостанай облысында мас күйде көлік басқарған ер адам 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылып, көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылды.

    Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды

    Сурет: pexels.com

    Қостанай облысында бұрын жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам мас күйде қайта көлік тізгіндегені үшін бас бостандығынан айырылды. Сот оған 1 жыл 9 ай түрме жазасын тағайындады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Облыс прокуратурасының мәліметінше, оқиға Бейімбет Майлин ауданында тіркелген. Nissan Patrol автокөлігін басқарған ер адам Қостанай – Қарабұтақ тасжолымен келе жатып, Валерьяновка ауылының маңында полиция қызметкерлеріне тоқтатылған.

    Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар оның бұған дейін жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

    Аталған дерек бойынша ер адамның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен сараланған.

    «Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеумен 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар сот оны көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырды», – деп хабарлады прокуратура.

    Осылайша, жүргізуші бұрынғы шектеуді бұзғаны үшін нақты түрме жазасына кесіліп, көлік басқару құқығынан біржола айырылды.

    Прокуратура өкілдері мас күйде көлік жүргізу ауыр құқықтық салдарға әкелетінін ескертіп, мұндай әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →