Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Еревандағы COP17 биоалуантүрлілік саммитіне келді • Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) • Тоқаев Еревандағы COP17 биоалуантүрлілік саммитіне келді • Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) •

    Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    Фото: istockphoto.com

    Ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан Жөкей көлінде заңсыз балық аулау дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Ер адамдар қайық пен балық аулайтын ау қолданған. Ұсталған балықтың жалпы салмағы 33 келі болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілиеме жасап.

    Ведомствоның дерегінше, заңсыз балық аулауға Астана мен Қосшыдан Біржан сал ауданына келген ер адамдар қатысы бар. Олар балық аулау үшін пайдалануға тыйым салынған ау қолданған.

    Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

    «Балық ресурстарын заңсыз аулағаны үшін ер адамдарға 6 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тартылуы, сондай-ақ үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе одан айыру жазасы қолданылуы мүмкін», – делінген хабарламада.

    Полиция балық аулауға шықпас бұрын қолданыстағы ережелермен, балық аулау мерзімдері мен шектеулерімен танысуға, сондай-ақ таңдалған су айдынында әуесқойлық мақсатта балық аулауға рұқсат бар-жоғын тексеруге шақырады.

    Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы су айдындарында арнайы талаптар қолданылады. Белгіленген ережелерді бұзу, соның ішінде тыйым салынған аулау құралдарын пайдалану заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →