Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? • Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады • «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр • Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды • Азия ойындары: Махмуд Сабырханның жекпе-жегіне төрелік еткен қазылар жарыстардан шеттетілуі мүмкін • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? • Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады • «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр • Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды • Азия ойындары: Махмуд Сабырханның жекпе-жегіне төрелік еткен қазылар жарыстардан шеттетілуі мүмкін • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды •

    «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр

    Ақтауда 50 жыл бойы пайдаланылған тротуарды алып тастаған соң тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр болды. Олар әкімдіктен қауіпсіздік шараларын талап етіп отыр.

    «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр

    Видеодан кадр

    Ақтау қаласында жарты ғасыр бойы пайдаланып келген жаяу жүргіншілер жолының алынып тасталғанына наразылық білдірді. Олардың айтуынша, осы тротуармен балалар мектепке, ал ата-аналар бүлдіршіндерін балабақшаға апарып жүрген. Енді тұрғындар көліктер жүретін жолмен жүруге мәжбүр боламыз деп алаңдап отыр. Әсіресе, бұрылыста жолдың арғы жағы анық көрінбейтіндіктен, қараңғы уақытта жол-көлік оқиғасы болуы мүмкін екенін ескертеді. Сондай-ақ тұрғындар жаңадан жоспарланған жаяу жүргіншілер жолында бағаналардың орналасуы бала арбасымен қозғалуға кедергі келтіретінін айтып, жұмыстың кімнің рұқсатымен жүргізілгенін сұрап отыр. Олар әкімдіктен жағдайға араласып, тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына жағдай жасауды талап етті.

    Видео: @oksana70sco

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →