Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды • Азия ойындары: Махмуд Сабырханның жекпе-жегіне төрелік еткен қазылар жарыстардан шеттетілуі мүмкін • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Қайрат Нұртас концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді • Қазақстанда тоғыз айда 356 мың жеке кәсіпкер есептен шықты • Жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдейді: артық рәсімдер алынып тасталды • Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды • Азия ойындары: Махмуд Сабырханның жекпе-жегіне төрелік еткен қазылар жарыстардан шеттетілуі мүмкін • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Қайрат Нұртас концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді • Қазақстанда тоғыз айда 356 мың жеке кәсіпкер есептен шықты • Жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдейді: артық рәсімдер алынып тасталды •

    Жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдейді: артық рәсімдер алынып тасталды

    ІІМ көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру қағидаларына өзгерістер әзірледі. Артық рәсімдер алынып тасталып, емтиханды қайта тапсыру тәртібі жеңілдетілді.

    Жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдейді: артық рәсімдер алынып тасталды

    Фото: kstnews.kz

    Ішкі істер министрлігі көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру қағидаларына өзгерістер әзірледі. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мақсат — мемлекеттік қызметтерді алуды жеңіл әрі жылдам ету. Артық рәсімдер алынып тасталды.

    — Көлікті қайта жабдықтағаннан кейін оны бөлек қаратудың қажеті жоқ. Енгізілген өзгерістің қауіпсіз екенін растайтын құжат болса жеткілікті. Емтиханды бірінші рет тапсыра алмасаңыз, келесі жұмыс күні қайта тапсыруға болады. Екінші рет те сәтсіз болса, дайындалуға 10 күн беріледі. Теориялық немесе практикалық емтиханнан үш рет өте алмасаңыз, сол емтиханды кейін қайта тапсыру ақылы болады. Бұл шара емтиханға қосымша дайындалу үшін енгізіліп отыр, — деді Ақтоты Боранова.

    Сонымен қатар теориялық емтиханды тапсырып, практикалық емтиханнан өте алмасаңыз, теориядан алған нәтиже сақталады.

    — Шетелдік жүргізуші куәлігін Қазақстан куәлігіне ауыстыру үшін алдымен теориялық емтиханды тапсыру қажет. Бұдан бөлек, жол қауіпсіздігіне жауапты уәкілетті орган куәлікті берген елге ресми сұрау жібереді. Ол елдің құзыретті органы куәліктің түпнұсқа екенін растағаннан кейін ғана куәлік ауыстырылады. Бұл — жалған құжаттардан қорғау шаралары. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз! — деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Ақтоты Боранова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →