«Күнкөріске ақшамыз қалмады»: Қарағанды облысында жұмысшылар айлап жалақы алмаған
Фото: Аzattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Қарағанды облысының Центральное ауылының тұрғындары бірнеше айдан бері жалақы алмағандарын айтып, шағымданды. Олар Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Христенко атындағы Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында жұмыс істейді.
Жұмысшылардың айтуынша, айлық уақытында төленбегендіктен, отбасын асырауға және күнделікті қажеттіліктерін өтеуге қаражат таппай отыр. Тұрғындар еңбекақы мәселесінің қашан шешілетінін білмей дал.
Аталған мекеме Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында болғандықтан, жұмысшылардың шағымына ведомствоның қандай жауап беретіні әзірге белгісіз. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың бұл мәселеге қатысты ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.
Дереккөз: @msu.city
