Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты • Шымкентте Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың жолын байлап, шоттарын жауып тастаған • «Күнкөріске ақшамыз қалмады»: Қарағанды облысында жұмысшылар айлап жалақы алмаған • Қазақстан – Бельгия: бірлескен мәлімдеме • Маңғыстауда Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды • Тоқаев Аустрия мен Пәкістанға Өкілетті елшілерді тағайындады • Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты • Шымкентте Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың жолын байлап, шоттарын жауып тастаған • «Күнкөріске ақшамыз қалмады»: Қарағанды облысында жұмысшылар айлап жалақы алмаған • Қазақстан – Бельгия: бірлескен мәлімдеме • Маңғыстауда Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды • Тоқаев Аустрия мен Пәкістанға Өкілетті елшілерді тағайындады •

    Қазақстан – Бельгия: бірлескен мәлімдеме

    Қазақстан – Бельгия: бірлескен мәлімдеме

    Қазақстан мен Бельгия сан саладағы сан тақырыпты салмақтап әрі саралауға дайын, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Осы мақсатта Мемлекет басшысы мен Бельгиялықтар Королі бірлескен мәлімдеме жасады. Тараптар достық қатынастарды тең құқықты және өзара тиімді ынтымақтастық рухында одан әрі дамытуды растайды. Сонымен өзара түсіністік тізімі 17 бағытты қамтыған. Алғашқы анықтама екі елдің байланысы тығыз диалог пен өзара сенім және құрметке негізделген.

    Сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақ ықпалдастықты жалғастыруға дайын. Бізде бельгиялық бизнестің орнықты қатысуы және өзара сауда мен инвестицияларды одан әрі ұлғайтудың әлеуетіне де мән берілді. Іскерлік кеңес қызметін жандандырып, аса маңызды минералдар, мұнай-химия, өнеркәсіп, машина жасау, көлік-логистика және жаңартылатын энергетика салаларында ынтымақты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

    Транскаспий халықаралық көлік бағытының Азия мен Еуропа арасындағы сенімді әрі орнықты көлік қатынасы екені расталды. Цифрландыру, жасанды интеллект, үлкен деректер, бұлтты технологиялар, суперкомпьютер инфрақұрылымы және деректерді өңдеу орталықтары бірлесе ілгерлеті көзделген. Корольдің мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Бельгия ректорлар форумының өткізілуі құпталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →