Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты • Шымкентте Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың жолын байлап, шоттарын жауып тастаған • «Күнкөріске ақшамыз қалмады»: Қарағанды облысында жұмысшылар айлап жалақы алмаған • Қазақстан – Бельгия: бірлескен мәлімдеме • Маңғыстауда Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды • Тоқаев Аустрия мен Пәкістанға Өкілетті елшілерді тағайындады • Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты • Шымкентте Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың жолын байлап, шоттарын жауып тастаған • «Күнкөріске ақшамыз қалмады»: Қарағанды облысында жұмысшылар айлап жалақы алмаған • Қазақстан – Бельгия: бірлескен мәлімдеме • Маңғыстауда Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды • Тоқаев Аустрия мен Пәкістанға Өкілетті елшілерді тағайындады •

    Маңғыстауда Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды

    Маңғыстауда Каспий жағалауынан 15 итбалықтың өлексесі табылды
    Ведомствоның мәліметінше, «Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары 12 қазанда Түпқараған ауданындағы Баутин ауылының батыс жағалауын тексеру кезінде жануарлардың өлекселерін анықтаған. Бұған дейін, 11 қазанда Ақтау тұрғыны Баутин ауылы маңындағы ұзындығы 2,5–3 шақырым болатын жағалаудан бірнеше итбалықтың өлексесін көргенін хабарлаған. Ол түсірген фотосуреттерін Lada.kz басылымына жолдаған.

    Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экология департаменті мамандары теңіз суы мен топырақтан сынама алған. Жақын арада санитарлық талаптарды сақтай отырып, жағалауды тазарту жұмыстары жүргізіледі. Итбалықтардың қырылу себебі зертханалық сараптама нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады.

    Министрлік мамандарының түсіндіруінше, көктем мен күзде соғатын солтүстік-батыс және батыс бағытындағы қатты жел итбалықтардың өлекселерін теңіз жағалауына шығарып тастауы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →