Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазгидромет 13 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін деп ескертті

    Қазгидромет 13 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы, Астана және түнде Орал қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін хабарлады.

    Қазгидромет 13 қазанда бірқатар қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін деп ескертті

    Сурет: istockphoto

    «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны елдегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Хабарламаға сәйкес, 13 қазанда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында, ал түнде Орал қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

    Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

    Осындай жағдайлар кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →