Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында жоғалған баланың денесі ашық құдықтан табылды • Эр-Рияд әуежайында ұшақ зақымдалып, халықаралық рейстер тоқтатылды • Көкшетауда 4 жастағы бала ашық кәріз құдығына түсіп көз жұмды • Алматыда ақшаға интимдік қызмет көрсеткен пәтер анықталды • Қонаевта ММА жаттықтырушысы балаларға қатысты айыптаулардан кейін қамауға алынды • Ақтөбеде тіс емдеуден кейін зардап шеккен әйел клиникаға шағымданды • Ақмола облысында жоғалған баланың денесі ашық құдықтан табылды • Эр-Рияд әуежайында ұшақ зақымдалып, халықаралық рейстер тоқтатылды • Көкшетауда 4 жастағы бала ашық кәріз құдығына түсіп көз жұмды • Алматыда ақшаға интимдік қызмет көрсеткен пәтер анықталды • Қонаевта ММА жаттықтырушысы балаларға қатысты айыптаулардан кейін қамауға алынды • Ақтөбеде тіс емдеуден кейін зардап шеккен әйел клиникаға шағымданды •

    Көкшетауда 4 жастағы бала ашық кәріз құдығына түсіп көз жұмды

    Көкшетауда 4 жастағы бала ашық кәріз құдығына түсіп көз жұмды. Полиция қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр.

    Көкшетауда 4 жастағы бала ашық кәріз құдығына түсіп көз жұмды

    Сурет: Pexels

    Көкшетауда жоғалып кеткен 4 жастағы бала ашық тұрған кәріз құдығына түсіп, көз жұмған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    8 қазанда Көкшетау тұрғындарын еріктілер таратқан 4 жастағы баланы іздеуге арналған хабарландыру алаңдатты. Бала сол күні Көкшетаудағы Әшимов көшесі, 223-үй мекенжайынан шығып кеткен. Хабарландыруда баланың дұрыс сөйлей алмайтыны көрсетілген.

    Кейін баланың суға батып кеткені туралы ақпарат тарады. Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

    2026 жылғы 8 қазанда Көкшетау қаласында кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы кезекші бөлімге хабарлама түсті. Іздеу жұмыстарына полиция мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылды. Іздестіру барысында бала ашық тұрған құдықтан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, — деп хабарлады ведомство.

    Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, тиісті тексеру жүргізілуде. Тергеу мүддесіне және дербес деректерді қорғауға байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →