Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты •

    Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты

    Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты
    Фото: burnleyfc.com

    Қазақстан құрамасы мен ағылшынның «Бернли» клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін командамен бірге жаттығуға қайта кірісті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Сәтпаевтың оңалуын «Бернли» клубының медицина штабы мен «Челси» мамандары бақылаған. Қазір қазақстандық футболшы жаттығуға оралып, бабын біртіндеп қалпына келтіріп жатыр. Ол жақын арада команда сапында матчқа қатысуы мүмкін.

    Футболшы 3 қыркүйекте жамбас бұлшықетінің артқы бөлігін Чемпионшиптің IV турында өткен кездесуде жарақаттап алды. Осыған байланысты біраз уақыт қалпына келуіне тура келді. Енді ол жаттығу процесіне қайта қосылып отыр.

    Сәтпаев «Челсимен» келісімшартқа 2026 жылғы 12 тамызда ресми түрде қол қойған. Арада екі күн өткен соң, 14 тамызда «Бернли» сапына маусым соңына дейін жалға берілді.

    Жарақат алғанға дейін қазақстандық футболшы жаңа командасы сапында 4 ресми матч өткізді. Оның үшеуінде Чемпионшипте, біреуінде Англия лигалар кубогында алаңға шықты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →