Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады •

    «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті

    «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті

    Фото: Қазақмыс

    Балқашта 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы басталды. Оның алғашқы тасын қалау рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлi қатысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Жоба Қарағанды облысының әкімдігі мен Қазақмыс арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылуда. Құрылыс құны – 3,7 млрд теңге.

    – Бүгін біз 280 орындық балабақшаның құрылысын бастау үшін алғашқы тасын қалап отырмыз. Өсіп келе жатқан Балқаш қаласы үшін бұл жай ғана жаңа әлеуметтік нысан емес, қаланың және оның тұрғындарының болашағына салынған маңызды инвестиция. Әсіресе бизнестің әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді атсалысып отырғаны маңызды. Қазақмыс компаниясы өңірде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруда. Жаңа балабақша белгіленген мерзімде салынып, көп ұзамай алғашқы тәрбиеленушілерін қабылдайтынына сенімдімін, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

    Үш қабатты балабақшаның жалпы ауданы 4 800 шаршы метрден асады. Нысан 3,6 гектар аумаққа орналасады. Жоба аясында аумақты абаттандыру және балаларға арналған заманауи инфрақұрылым құру көзделген.

    Құрылысты 2027 жылғы қыркүйекте аяқтау жоспарланып отыр.Балабақша құрылысы Қазақмыстың Балқашта жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жобаларының бірі саналады. Компания өндірістік активтерін дамытуды кәсіпорын қызметкерлері мен олардың отбасылары тұратын қалалардың дамуымен сабақтастырады.

    – Балқаш Қазақмыс үшін жай ғана өндірістік алаң емес. Бұл – қызметкерлеріміз тұратын, отбасы құрылып, балалар өсіп келе жатқан ортақ үйіміз. Сондықтан бүгінгі оқиғаның біз үшін маңызы ерекше. Бұл жоба – компанияда және өңірде жүзеге асырыла бастаған ауқымды өзгерістеріміздің алғашқы әрі нақты көріністерінің бірі, – деді «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі.

    Балабақша жобасы облыс әкімдігі мен Қазақмыс компаниясы арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бастамалар кешеніне кіреді.

    Сондай-ақ Балқаш өңірінде Тораңғалық және Шұбартүбек ауылдарында медициналық пункттер, су спорты түрлеріне арналған база, сондай-ақ Тораңғалықта балалар лагерін салу жоспарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →