Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Оман Сұлтанын елорда әуежайынан шығарып салды (ВИДЕО) • Месси қоштасу матчында Аргентина Бенинді 3:0 есебімен жеңді • Ұлттық банк 7 қазанға арналған валюта бағамын жариялады • 7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды • Тоқаев Оман Сұлтанын елорда әуежайынан шығарып салды (ВИДЕО) • Месси қоштасу матчында Аргентина Бенинді 3:0 есебімен жеңді • Ұлттық банк 7 қазанға арналған валюта бағамын жариялады • 7 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, көктайғақ пен өрт қаупі сақталады • Алкоголь бағасы Астанада 21,8%-ға өсті, тұтыну шығыны азайды • Шымкентте ұрлау мен кісі өлтіру ісі бойынша 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру сұралды •

    Месси қоштасу матчында Аргентина Бенинді 3:0 есебімен жеңді

    Аргентина құрамасы Буэнос-Айрестегі «Монументаль» стадионында Бенинді 3:0 есебімен жеңді. Бұл ойын Лионель Мессидің ұлттық құрамадағы қоштасу матчы болды.

    Месси қоштасу матчында Аргентина Бенинді 3:0 есебімен жеңді

    Фото: чемпионат

    Футболдан Аргентина құрамасы Буэнос-Айрестегі «Монументаль» стадионында өткен жолдастық кездесуде Бенинді 3:0 есебімен ұтты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бұл кездесу Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси үшін ұлттық құрама сапындағы қоштасу матчы болды. 39 жастағы шабуылшы ойынды негізгі құрамда бастап, алаңда соңына дейін жүрді.

    Месси кездесуде үш голдың барлығына тікелей қатысты. Алдымен 48-минутта оның пасынан кейін Николас Отаменди есеп ашты. 61-минутта Нико Пас Мессидің кезекті нәтижелі пасын голға айналдырды.

    Ал 71-минутта Мессидің өзі пенальтиден гол соғып, ойынның қорытынды есебін белгіледі.

    Кездесудің 10-минутында ойын Мессиге құрмет көрсету үшін уақытша тоқтатылды. Стадионға жиналған жанкүйерлер аргентиналық футболшыны қошеметпен шығарып салып, осы сәтте фейерверк атылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →