Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайратқа тиісемін деп қарғыс естідім»: Айнұр Тұрсынбаева танымал әнші туралы айтты • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ауқымды аудитті жалғастыруды тапсырды • Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады • Қызылордада судья 9 жылға сотталып кетті • «Құлағыма арманы орындалғанын айтты»: Мақпал Жүнісова тойда болған жайтты айтты • «Соңғы жеті жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды» — Тоқаев • «Қайратқа тиісемін деп қарғыс естідім»: Айнұр Тұрсынбаева танымал әнші туралы айтты • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ауқымды аудитті жалғастыруды тапсырды • Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады • Қызылордада судья 9 жылға сотталып кетті • «Құлағыма арманы орындалғанын айтты»: Мақпал Жүнісова тойда болған жайтты айтты • «Соңғы жеті жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды» — Тоқаев •

    Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады

    Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады

    Фото: Pixabay.com

    6–8 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Елдің солтүстік-батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.

     — 6–8 қазанда атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ құбылыстары, бұрқасын және екпінді жел болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі, — делінген хабарламада.

    Ауа температурасы елдің батысында түнде +2+12°С-қа дейін, күндіз +17+22°С-қа дейін жоғарылайды.

    Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы -1-6°С-тан +3+13°С-қа дейін, күндіз 0, +5°С-тан +5+20°С-қа дейін көтеріледі.

    Шығыста және орталықта түнде ауа температурасы негізінен 0, +7°С, күндіз +2+15°С болады.

    Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнгі ауа температурасы +2+8°С-тан +5+10°С-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1-3°С аяздан 0, +5°С-қа дейін болады. Күндіз ауа температурасы +12+17°С-тан +17+22°С-қа дейін, таулы аудандарда +4+9°С-тан +9+14°С-қа дейін жоғарылайды.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның 16 облысында қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын және екпіні 28 м/с-қа дейін жететін желге байланысты ауа райына қатысты ескерту жарияланған болатын.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →