Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Бақыт Сәрсекбаев әлем чемпионатының іріктеу спаррингтері туралы пікір білдірді

    Пекин Олимпиадасының чемпионы, жастар құрамасының аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев әлем чемпионатының іріктеу спаррингтері туралы ой бөлісіп, 38 баланың ішінен 10 спортшы таңдалатынын айтты.

    Бақыт Сәрсекбаев әлем чемпионатының іріктеу спаррингтері туралы пікір білдірді

    Пекин Олимпиадасының чемпионы әрі Қазақстан жастар ұлттық бокс құрамасының аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев әлеуметтік желідегі парақшасында әлем чемпионатының іріктеу спаррингтерінің қалай өткені жөнінде ой бөлісті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Оның сөзінше, іріктеу спаррингі – жүйкеге тиетін, моральдық тұрғыдан аса ауыр күн.

    «Ойланып көріңізші: 38 бала. 38 үміт. 38 отбасы, бапкер, команда. Ал сол 38 баланың ішінен тек 10-ын ғана таңдау керек. Мұндайда қателесуге, көзіңді тайдыруға, біреуге іш тартуға, біреуді сырт қалдыруға арың жібермейді. Мұнда қиянатқа орын жоқ», – деп жазды Бақыт Сәрсекбаев.

    Ол бұл жолдан өзі де өткенін, «неге мен емес?» деген сұрақпен талай қалғанын атап өтті. Рингте тек спортшының дайындығы емес, бапкердің де айлар бойғы еңбегі сыналатынын жеткізді.

    Сонымен қатар іріктеуден өтпеген балаларға сабыр сақтап, бұл жолдың соңы емес екенін, тек келесі жеңіске дайындалатын кезең екенін айтып жігерлендірді. Ал таңдауда өткен 10 спортшыға жауапкершілік екі есе артатынын жеткізіп, оларды осы күнге жеткізген барлық бапкерлерге алғысын білдірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →