Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Роза Әлқожа: Әншілердің әлеуметтік желідегі өмірі шынайы емес • Астанадағы жаңа дүкен ашылуында фуршет үстелі сынып, қонақтар арасында қарбалас туды • Семейде мейрамхана маңында атыс ашқан ер адам бес тәулікке қамауға алынды • Ақтауда бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды • Жамбыл облысында мұғалім оқушыны ұрып-соқты деген күдікпен ұсталды • Дәрігер мәртебесі: депутат Медеуова бастамасына сарапшылар пікірі • Роза Әлқожа: Әншілердің әлеуметтік желідегі өмірі шынайы емес • Астанадағы жаңа дүкен ашылуында фуршет үстелі сынып, қонақтар арасында қарбалас туды • Семейде мейрамхана маңында атыс ашқан ер адам бес тәулікке қамауға алынды • Ақтауда бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды • Жамбыл облысында мұғалім оқушыны ұрып-соқты деген күдікпен ұсталды • Дәрігер мәртебесі: депутат Медеуова бастамасына сарапшылар пікірі •

    Семейде мейрамхана маңында атыс ашқан ер адам бес тәулікке қамауға алынды

    Семейде мейрамхана маңында дабыл тапаншасынан аспанға оқ атқан 23 жастағы ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оқиға 23 қыркүйекте түнгі сағат 02:00 шамасында болған.

    Семейде мейрамхана маңында атыс ашқан ер адам бес тәулікке қамауға алынды

    Сурет: Видеодан скриншот

    Семей қаласында Абай облысының тұрғыны мейрамхана маңында дабыл тапаншасынан оқ атқаны үшін бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Polisia.kz мәліметінше, оқиға 23 қыркүйекте сағат 02:00 шамасында Момышұлы көшесіндегі мейрамханалардың бірінің жанында болған. Мас күйдегі ер адам дабыл тапаншасынан аспанға екі рет оқ атқан.

    Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын жедел анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол Семей қаласының 23 жастағы тұрғыны Никита Боронин болып шықты.

    Ер адамға қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп мас күйде жүру, ұсақ бұзақылық жасау және тыныштықты бұзу фактілері бойынша шара қолданылды.

    Сот қаулысымен оған бес тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

    Полиция қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →