Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады
Астана тұрғындары түнде әскери техниканы байқап, әлеуметтік желілерде бөлісті. Мемлекеттік күзет қызметі 5-6 қазандағы халықаралық іс-шараларға дайындық екенін хабарлады.
Сурет: ${article.img_text}
Астана тұрғындары түнде қала көшелерінде әскери техниканың көптеп жүргенін байқап, әлеуметтік желілерге фото-видео жариялай бастады. Бұл көрініс кейбір тұрғындарды алаңдатты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Мемлекеттік күзет қызметі елордада әскери техниканың көбею себебін түсіндірді. Ведомствоның мәліметінше, бұл 5-6 қазанда Астанада өтетін халықаралық саяси іс-шараларға дайындыққа байланысты.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қалада арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, сондай-ақ Қазақстан Қарулы күштерінің бөлімшелері жұмылдырылады.
Осыған байланысты Астананың бірқатар көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Сонымен қатар елордада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.
Мемлекеттік күзет қызметі қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұрады.
