Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қонаевта ресейлік әйел өзін полицейлер жабылып зорлағанын мәлімдеді: екі адам ұсталды • Елдос Сметов Азия ойындарының финалында күміс алды • Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді • Шымкентте бес бала пойыз терезесін сындырды, ата-аналары айыппұл төледі • Ресей НАТО-ға ядролық қару қолдануға дайын екенін ескертті • Массачусетсте 270-тен астам католик діни қызметкері балаларға жыныстық зорлық жасаған • Қонаевта ресейлік әйел өзін полицейлер жабылып зорлағанын мәлімдеді: екі адам ұсталды • Елдос Сметов Азия ойындарының финалында күміс алды • Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді • Шымкентте бес бала пойыз терезесін сындырды, ата-аналары айыппұл төледі • Ресей НАТО-ға ядролық қару қолдануға дайын екенін ескертті • Массачусетсте 270-тен астам католик діни қызметкері балаларға жыныстық зорлық жасаған •

    Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді

    Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді

    4 қазанда ҚБТУ аумағында кезекті қалалық Recycle Бірге экоакциясы өтеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    «Eco Almaty» ЖШС өкілдерінің мәліметінше, бұл іс-шара жобаның биылғы ашық аспан астындағы соңғы кездесуі болмақ.

    Recycle Бірге – Алматы тұрғындарын қалдықтарды бөлек жинау, саналы тұтыну және заттарды қайта пайдалану идеялары төңірегінде біріктіретін экологиялық алаң. 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жоба қала тұрғындарын, балалы отбасыларды, еріктілерді, экологиялық бастамалар мен жергілікті жобаларды тұрақты түрде бір ортаға жинайды.

    Акция барысында қатысушылар қайталама шикізатты қайта өңдеуге тапсыра алады, қажетсіз заттарын қайта пайдалануға бере алады, заттар мен кітаптар алмасып, түрлі экологиялық іс-шараларға қатысвды немесе жай ғана бірге уақыт өткізе алады.

    📅 4 қазан

    ⏰ 12:00–15:00

    📍 ҚБТУ, Төле би көшесі, 59, Панфилов көшесі жағынан кіру

    Экоакция «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, Алмалы ауданы әкімдігі мен ҚБТУ-дың қолдауымен өтеді. Іс-шара Алмалы ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылады.

    Фото: Алматы әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →