Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қонаевта ресейлік әйел өзін полицейлер жабылып зорлағанын мәлімдеді: екі адам ұсталды • Елдос Сметов Азия ойындарының финалында күміс алды • Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді • Шымкентте бес бала пойыз терезесін сындырды, ата-аналары айыппұл төледі • Ресей НАТО-ға ядролық қару қолдануға дайын екенін ескертті • Массачусетсте 270-тен астам католик діни қызметкері балаларға жыныстық зорлық жасаған • Қонаевта ресейлік әйел өзін полицейлер жабылып зорлағанын мәлімдеді: екі адам ұсталды • Елдос Сметов Азия ойындарының финалында күміс алды • Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді • Шымкентте бес бала пойыз терезесін сындырды, ата-аналары айыппұл төледі • Ресей НАТО-ға ядролық қару қолдануға дайын екенін ескертті • Массачусетсте 270-тен астам католик діни қызметкері балаларға жыныстық зорлық жасаған •

    Қонаевта ресейлік әйел өзін полицейлер жабылып зорлағанын мәлімдеді: екі адам ұсталды

    Қонаевта ресейлік әйел өзін полицейлер жабылып зорлағанын мәлімдеді: екі адам ұсталды

    Фото: ашық дереккөз

    Әлеуметтік желіде Қонаев қаласында шетелдік әйелді полицейлер зорлағаны туралы ақпарат жарияланды. Полиция қылмыстық іс қозғалып, екі ер адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұл туралы Threads әлеуметтік желісінде жазба жарияланды. Онда оқиғаға жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін екені айтылған. Сондай-ақ 28 жастағы әйел арызды «біреудің айтуымен» жазуға мәжбүр болғаны және кейін полицейлер оның пәтерін бақылағаны туралы мәлімет келтірілген.

    Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің арызы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

    «Әйелдің арызында оқиғаның Қонаев қаласында болғаны көрсетілген. Алғашқы тергеу және жедел-іздестіру шаралары барысында арызда көрсетілген екі ер адам анықталып, ұсталды және жеткізілді», – деп хабарлады полиция.

    Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция өкілдері оқиғаның барлық мән-жайы мұқият тексеріліп, оған тиісті құқықтық баға берілетінін атап өтті.

    «Қазіргі уақытта қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу Алматы облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасына тапсырылды», – деп толықтырды ведомство.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →