Дзюдошы Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өтті
Фото: ҰОК
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында дзюдодан финалға шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз жартылай финалда Тайбэй өкілі Юнг-вей Янгты вазари әдісімен жеңді. Бұған дейін ол ширек финалда моңғолиялық Ариунболд Энхтайванмен белдесіп, қарсыласын иппонмен жеңген еді.
Айта кетейік, бүгін дзюдодан әйелдер арасында 48 және 52 келіде, ерлер арасында 60 және 66 келіде жүлдегерлер анықталады.
